Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Kinopark кинотеатрлар желісі жабылмайтын болды

AstanaTV
24.03.2022ж. 20:00
2763
Kinopark кинотеатрлар желісі жабылмайтын болды

Елімізде  кинотеатрлар жабылмайды. Бұл туралы кинокомпания желісінің бас директоры Алмаз Малдыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 2-3 айда көрсетілетін жаңа фильмдер қатары толыққан.  Еске сала кетейік,  бұған дейін Ресей арқылы жұмыс істейтін голливудтық студиялар Kinopark-қа туындыларын беруден бас тартқан болатын. Соған байланысты елімізде 1-сәуірден бастап кинотеатрлардың жабылатыны туралы ақпарат тарады.

Алмаз МАЛДЫБАЕВ, «KINOPARK» КИНОТЕАТРЛАР ЖЕЛІСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл мәселені шешуде Мәдениет министрі мен өзге киностудиялар зор ықпалын тиігізді. Кейінге қалдырылған «Морбиус», «Дәрігер Стрэндж» фильмдері қазір премьераға дайындалып жатыр. Сәуір мен мамыр айларында көрерменге ұсынатын картиналарымыз бар.

А. Съезбек