Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Допинг дауына іліккен Нижат Рахимовтың жағдайы не болады?

AstanaTV
24.03.2022ж. 20:00
997
Допинг дауына іліккен Нижат Рахимовтың жағдайы не болады?

Хабарымыз әрі қарай спорт жаңалықтарымен жалғасады. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, кеш жарық! Бүгін қандай қызық ақпараттармен бөлісесің?

Кеш жарық! Допингтің кесірінен қазақстандық тағы бір спортшы олимпиада медалінен айырылды. Осы және өзге де жаңалықтар сәлден соң.

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов 8 жылға спорттан шеттетілді. Спорт арбиТраж сотының мәліметінше, ауыр атлет допингке қарсы талаптарды бұзған. «Рахимовқа допинг қолданды» деген айып былтыр тағылған еді. Бірақ, спортшы Халықаралық допинг тест агенттігінің бұл нәтижесіне келіспеді. Сот ауыр атлетті төрт рет зәр үлгісін ауыстырды деп таныды. Бұл антидопинг ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Сондықтан, ауыр атлеттің 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі жарыстарда жеткен бүкіл көрсеткіштері жойылды. Сондай-ақ Риода өткен Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінен де айырылды. Осы жағдайға байланысты әлеуметтік желіде жазба қалдырған спортшы, бұл шешіммен түбегейлі келіспейтін жазған.

Нижат РАХИМОВ, АУЫР АТЛЕТ:

«Менің бұл жағдайға қатысым жоқ», деген уәжімді тамыз айында өткен сот отырысында арбитр қабылдамады. Сондай-ақ, олар анализ үлгілерін алған, процеске жауапты адамдардың әрекеттеріне баға берген жоқ. Бұл жерде жауапсыз қалған сұрақ көп.


Департамент шешімін естіген Қазақстан ауыр атлетика федерациясы да аң-таң. Алдияр Нұралиновтың сөзінше, сот кезінде Нижат Рахимовтың адвокаттары барлық дәлелдерді ұсынған. Тыңдаудан кейін алты ай өтті. Осы аралықта спортшыға да, федерацияға да қосымша өтініштер мен түсініктемелер түскен жоқ, дейді.

Алдияр НҰРАЛИНОВ, ҚР АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Біз допингке түбегейлі қарсымыз. Бұл жағдайда Халықаралық ауыр атлетика федерациясына және сол кездегі допинг-бақылау жүргізген органдарға бірқатар сұрақ туындап отыр. Федерация біздің спортшымызға қолдау көрсетуге және допингке қарсы департамент шешіміне шағымдануға одан әрі көмек көрсетуге дайын.


Қарсылас таппай жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы не істеп қойды? Бүкіләлемдік бокс ұйымы британиялық боксшымен өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады. Ұйымның ақпаратынша қос тарап берілген он күн ішінде келісімге келе алмаған. Енді бұл айқасты өткізуге прОмоутерлік сауда белгіленеді. Ұсынылатын сома кем дегенде 200 мың АҚШ доллары болу керек.

Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор қамауға алынды. Жол ережесін бұзып, жылдамдықты шектен тыс асырған спортшыдан 170 мың еуро тұратын Bentley көлігі уақытша тәркіленген. Файтер қазір кепілдікпен босатылды, келер айда соты өтеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткендерді «Құрмет» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік награда  Бейжіңдегі XIII Қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александар Герлиц пен Ұлттық комитеттің бас және аға жаттықтырушыларына беріледі.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр