Әлеуметтік желіде лақты 33 рет көтерген бүлдіршіннің видеосы тарады. 6 жасар Айбардың мықтылығы көпшілікті ерекше тәнті етті. Бейне жазба Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы өңірі, Қайнар ауылында түсірілген. Наурыз мейрамына орай балалар арасында лақ көтеруден жарыс болыпты. Ата-анасының айтуынша қатысушылардан жасы әлдеқайда кіші болғанына қарамастан Айбар қатысуға өзі ниет білдіріпті. Алғашында әрі кетсе 4-5 рет көтереді деп ойлаған ауылдастары бүлдіршіннің талабын көріп, қолдау білдірген. Барын салған балақай төлді 33 рет көтеріп, жүлделі үштікке ілігіпті. Ал Айбар үстіндегі күртешесі кедергі келтірмегенде, бұдан да жақсы нәтижеге жететінін айтқан көрінеді.
А. Бердибеков