$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Саран» шахтасында қаза тапқан кеншіні тау жыныстары басып қалған

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1259
«Саран» шахтасында қаза тапқан кеншіні тау жыныстары басып қалған

Қарағанды облысының «Саран» шахтасында кенші қаза тапты. Оны тау жыныстары  басып қалған. Төтенше жағдай тау- кен және барлау жұмыстарын дұрыс жүргізбеуден болуы мүмкін. Бұл туралы «Астана» арнасына «Қорғау» көміршілер кәсіподақ ұйымының жетекшісі Евгений Буслаев мәлімдеді.

Евгений БУСЛАЕВ, «ҚОРҒАУ» КӨМІРШІЛЕР КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Лавада жұмыс істеп жатқан кезде төбеден кен қыртыстары опырылып түсіп, машинисті басып қалған. Бұл табиғи тау- кен және барлау жұмыстарын дұрыс жүргізбеуден болады. Сондықтан ондай қателіктерге жол бермеу керек. Біздің «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына талабымыз өте көп. Өйткені қондырғылар ескі, көмір қабаттарында өте жоғары газданған, шахталарды жақсартуға қаржы мүлде аз құйылады.

Қылмыстық кодекстің «тау- кен жұмыстарын жүргізуде техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жерлеу рәсімдері мен өтемақы төлеуді өз мойындарына алатынын мәлімдеген. Алайда «Қорғау» көміршілер кәсіподағының өкілдері шахтерлардың өлімін азайтудың жалғыз жолы - ауыр өндірістегі жұмыскерлерді 55 жасында зейнетке шығару екенін айтады. Өйткені егде жаста жер астында жұмыс істеу қауіпті. Соңғы 1 жылдың өзінде шахталарда 8 адам қаза тапқан.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Саран шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты ҚР ҚК 277 бабы, 2- інші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Қуаш