Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда мәйітті өртеуге арналған крематорий мамыр айында іске қосылады

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1336
Алматыда мәйітті өртеуге арналған крематорий мамыр айында іске қосылады

Алматыда атышулы крематорийдің құрылысы аяқталды. Мәйітті өртеуге арналған нысан мамыр айында іске қосылады. Алатау ауданының екінші жылу энергия орталығы маңында салынған мекеме қазір газбен жабдықталуда. Қалалық әкімдік  онда қабылдау ережесінің әзірленіп жатқанын мәлімдеді.  Онда алдағы уақытта мәйіттермен қатар биологиялық және медициналық қалдықтар өртеледі.  Арнайы крематорий пештері орнатылған ғимаратты салуға 1 жарым млрд-қа жуық қаржы жұмсалған.  

Ә. Лесбек