$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Жезқазғанда төбелес шығарған 4 жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
28.03.2022ж. 20:00
1191
Жезқазғанда төбелес шығарған 4 жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жезқазған қаласында көшенің қақ ортасында төбелес шығарған 4 жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оларды алдын ала сөз байласып, топтасып бұзақылық жасады деп айыптады. Күдіктілердің төбелесін тұрғындардың бірі телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Артынша полиция 17-18 жастағы 4 жігітті ұстады. Жапа шеккендердің бірі олардың үстінен арыз жазған.  Жастардың не себепті жұдырықтасқанын тергеушілер қазір  анықтап жатыр.   «Бұзақылық» бабымен істі болғандар 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.  

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы оқиғаға қатысқан 17-18 жас аралығындағы барлық күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта бұл қылмыс бойынша ҚР ҚК –нің 293 бабы, 2- інші тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән- жайын анықтау не үшін болғанын білу мақсатында кешенді тергеу жұмыстары жүргізілуде.


А. Қуаш