$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Мектепке баруға рұқсат етілмеген ұрпақ бар екенін ойлап ұяласыз", - М.Мубариз

AstanaTV
28.03.2022ж. 20:00
1249
"Мектепке баруға рұқсат етілмеген ұрпақ бар екенін ойлап ұяласыз", - М.Мубариз

Ауғанстанда қыздардың мектепке баруына рұқсат берілді.   Тек олар  олар жабық киініп,  ұлдардан бөлек оқиды.  Бұған дейін, Ауғанстан үкіметі  қыздарды мектепке кіргізбей қойған болатын. Ал кеше  "Талибан" өкілдері әйелдерге ер адамдармен бірге ұшақпен ұшуына тыйым салды. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлады. Толығырақ бейнематериалда.

АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Томас Уэст  тәліптердің  қыздарға білім беруге тыйым салу  мәселесін таяу күндері  қайта қарайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша,  қыздардың білім алуын шектеу  Ауғанстанның болашағына қауіп төндіреді. Жергілікті қоғам белсенділері де мұны қолдайды.

Мохнес МУБАРИЗ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
 
Халықаралық қауымдастық, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар, бізді естісе екен дейміз. Біз 21 ғасырда, прогресс пен жаңа өнертабыстар туралы ойлағанда, мектепке баруға рұқсат етілмеген ұрпақ бар екенін ойлап ұяласыз.

Айта кету керек, қыздар жеті айдан астам уақыт  оқи алмады. Бұған себеп,  тәліптер  әйелдердің білім алуын және жұмыс істеу құқығын  шектеді.  

ФАТИМА, СТУДЕНТ:

Өкінішке қарай, Талибтердің келуімен біздің барлық мектептеріміз жабылды. Бізге ислам бойынша қыздар, ұлдар сияқты оқуға рұқсат етілді. Бірақ Талибан бізден бұл құқықты тартып алды.

Малала ЮСУФЗАЙ, ПӘКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ, НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Құранда қыздар мектепке бара алмайды деп айтылмаған, Хадистерде керісінше білімге деген ұмтылыс пен жауапкершілік, бұл сіздің міндетіңіз екені айтылған. Сондықтан мен Талибтерге бір нәрсені айтқым келеді - білім алу-әр мұсылманның міндеті.

Сондай-ақ, Ауғанстанда тағы бір мәселе туындады. Талибан билікке келген кезде көптеген мұғалім елден қашып кеткен көрінеді. Қазір Білім министрлігі  осы мәселені шешуге тырысуда.
Ал кеше "Талибандықтар" әйелдерге ер адамдармен бірге ұшақтармен ұшуға тыйым салды.  Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша,  бұл талап күшіне енген сәтте-ақ, ондаған әйел Кабул әуежайына қонудан бас тартқан.   

Ә. Дүкембаева