Тараз қаласына қарасты Шөлдала шағын ауданының тұрғындары жарықсыз отыр. Бүгін үшінші күн. Ол ол ма, бұқара тұрмыстық техникаларының түгел күйіп кеткеніне ашулы. Жел тұрып, жауын жауса қуат көзі көбейіп, жылда шығынға батамыз деген халық кімнен көмек сұрарын білмей дал. Жұрт қала құрамына осыдан он жыл бұрын кірсекте, жарықтың жырын жиі жырлаймыз деп жыларман.
Шөлдала шағын ауданы осыдан 10 жыл бұрын қаланың құрамына кірген. Бірақ шешім таппаған мәселелер шаш етектен. Мұнда 200 ге жуық түтін тұрады. Олардың айтуынша жаңбыр жауып, сәл жел тұрса болды жарық сөніп, тұрмыстық техника жарамсыз күйге түседі. Қуат көзі мұнда қаладан емес, теміржол желісінен тартылған екен.
Рахия ТҰРҒЫНБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Автомат кір жуғыш кетті. Лампалар, телевизор кетті. Есептеуіш күйіп кетті, 2 күн болды ауыстырғаныма, қайта күйіп кетті. Не істей береміз? Қайдан бұл? Кім бұған жауап беретін, адам бар ма, жоқ па? Енді не қыламыз? Міне қара түнекте отырмыз бір қора бала-шаға. Бәрі қорқып үрейде отыр.
Алмагүл ОМАРОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Маған телевизорымды төлеп берсін. Жел тұрған сайын өшеді, екі күнің бірінде өшеді. Телевизор күйеді, холодильник күйеді. Бүкіл ауылдыкі күйіп кетті. Бұны сонда кім төлейді. Осылай жүре береміз ба қайта-қайта кредитке холодильник алып.
Шахар шенеуніктері шу шыққан жерге барған. Жұртпен жүздесіп, жарық жырын тыңдап сабырға шақырды. Жақын арада жаңа жарық желісіне қосып, сол арқылы тоқ беретіндерін айтқан. Ал, қуат көзінің неліктен көбейгендігін анықтауға уәде етті.
Жайықбай ШАЛДАРОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз бірінші анықтаймыз. Мамандар бізге қазір анық-қанығын жеткізіп береді. Осы ауылда жүргізіліп қойған электр желісіне абоненттеу жүргіземіз. Есептеуіш, линия қосылады. Құдай қаласа шешіледі.
Әкімның орынбасары жарамсыз болып қалған тұрмыстық техникалардың өтем ақысын төлеу үшін арнайы топ құрып, үй-үйді аралап тізімін шығарамыз деп отыр. Шығынды өздері емес тоқ беруші мекемеден өндіріп береміз деп сендірді.
Б. Жұмабайұлы