"AMANAT"-тың жастар қанаты, студенттерді сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды. Осыған орай жоғарғы оқу орындарында "Таза сессия" акциясын қолға алды. Оған 30 мың студент ат салысады. Аталған акцияға ел ішіндегі 60-қа жуық астам жоғары оқу орындары қатыспақ. Мақсат ондағы жемқорлықтың таралу динамикасын анықтау.
«Таза Сессия» акциясына Алматыдағы 17 жоғары оқу орыны қатысады. Ұйымдастырушылар алдымен Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің студенттерімен кездесті. Оларды «Amanat» партиясының қоғамдық саяси институты әзірлеген сауалнаманы анонимді әдіспен толтыруға шақырды. Студенттердің де белсенділігі жоғары. Олар мұндай шаралардың оқу орындарындағы жемқорлықпен күресуге көмектесетініне сенеді.
Әлібек БЕРІКБОЛ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Осы акцияны нақты іске көшкен деп білемін. Өйткені сауалнаманы қарайтын болсаңыздар ішіндегі барлық сұрақтар барлық емтихан сессия толығымен қамтылған. Жемқорлыққа қарсы күресу әрбір жастың міндеті деп білеміз.
"Таза сессия" акциясы өзге өңірлер де басталып кетті. Елордадағы жекеменшік оқу орындары да, ат салысып жатыр. Ұйымдастырушылар бұл жемқорлыққа жол бермеу үшін, алдын ала өткізілетін акция екенін айтты.
Асылжан БҮРКІТӘЛИН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің осы анонимді сауалнамамыздың қорытындысы бойынша, жалпы бірнеше оқу орындары лицензиясынан айырылған болатын ЦАУ және Қызылордалық университет лицензияларын алып қойды. Сол лицензияларынан айырылған университеттер жарты жыл бұрын берген анонимді сауалнамамыз үздіктер қатарында көрсетілген болатын, коррупцияның үлесі бойынша.
Шараны Тобыл өңіріндегі іргелі оқу орындары да қолдады. Төрт күнге созылатын акцияда тоғыз жүзге жуық студент-жастарға анонимді сауалнама тарату көзделіп отыр.
Аружан ДҮКЕНҚЫЗЫ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Өз еркімен сессияны, емтиханды тапсырса онда ол нағыз білім бар адам боп шығады. Ал егерде жемқорлық жағына айтатын болсақ адамға ешқандай пайдасын тигізбейді. Сондықтан ол өзіне кері әсер етуі мүмкін.
Жамбыл облысында да 600 студенттен анонимді сауалнама алынады. Олар бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім алып жатқандар. Шараның басы-қасында жүргендер басты мақсат жемқорлық жайлаған білім ошақтары анықтау екенін жеткізді.
Райымбек БАҚЫТЖАНОВ, "AMANAT" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОРТАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
Кез келген ЖОО-ның абыройы бұл білім деңгейімен студенттерге жасалған жағдаймен алып жатқан олардың білім деңгейімен анықталу керек. Солай көрсетілу керек. Енді бұл сауалнаманың нәтижесі ертең сол осы көрсеткіштердің артуына үлкен септігін тигізеді. 60-қа жуық университеттен жинап жатырмыз. Бұл келісімін берген университеттер. Біз және кейіннен келісімін бермеген университеттердің тізімін жариялаймыз.
Студенттердің айтуынша, өз араларында оқуға қызығушылығы жоқ жастар бар. Негізінен солар сессия кезінде пара беруге бейім дейді. Сондай-ақ жатақханаларда орын жетіспеушілігі, әскери кафедраға орындардың шектеулі болуы да жемқорлыққа жол ашатынын жеткізді. "Таза сессия" акциясының нәтижесінде жалпы жоғарғы оқу орындарының жемқорлықққа байланысты рейтигісі жасалмақ. Жиналған материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарымен қаралады.
Ә. Дүкембаева