$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Түркістан облысында ең ауыр салмақтағы қой иесі 10 АҚШ долларын жеңіп алды

AstanaTV
29.03.2022ж. 20:00
2024
Түркістан облысында ең ауыр салмақтағы қой иесі 10 АҚШ долларын жеңіп алды

Түркістан облысында ең ауыр салмақтағы қой анықталды. «Миллион» атты қошқар бірінші орынға ие болып, оның иесі  10 мың АҚШ долларын жеңіп алды.
 
Ең ауыр қошқардың бойы -1 метр 5 см. Сарыағаштық  Қуаныш Мықтыбаев бұл түлікті  кезінде Қырғызстаннан 30 мың долларға сатып алыпты. Ал шымкенттік шаруа Бахтияр Бабажанов салмағы 193 келі  болатын «Крокодил» атты қошқарымен екінші орын иемденді.   Оған 500 мың теңге сыйақы берілді.

Байқауда  қой-қошқарлар  салмағы, кеуде өлшемі, сыртқы көрінісі, бойы мен  түсі бойынша іріктелді. Сұлулығы жағынан былтыр  аймақта 40 мың долларға саудаланған «Каштан» атты қой жеңімпаз деп танылды.  Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйытқы болған шараға Ресей, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің қой өсіруші қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері де қатысты.

А. Төребекқызы