$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"50 жастан кейін ешкімге керек емеспіз",- қала тұрғыны

AstanaTV
30.03.2022ж. 20:00
1519
"50 жастан кейін ешкімге керек емеспіз",- қала тұрғыны

"Таныссыз күнің қараң!" 20 жыл бойы жұмыс іздеп таппаған келіншек арнамызға хабарласып, шағым айтты. Оның сөзінше, бір кездері ол медбике болып  жұмыс істеген. Алайда, кейін сырқаттанып, жұмыссыз қалыпты. "Таныс-тамырсыз ешбір есікті ашу мүмкін емес" дейді ол.  Бұл қаншалықты рас? Жұрт неге жұмыс таппай жүр? Оны әріптесім Лаура Қуанышқызы анықтап көрді.

Өзін Балнұр деп таныстырған келіншек 20 жылдан бері жұмыс таппай жүргенін айтады.  "Қайда барсам да, тауым шағылады" дейді. Бәрі «хабарласамыз» деп шығарып салып, ізім қайым жоғалады екен. Бұрын медбике болған әйелдің жасы қазір 45-те. Тіпті, қарапайым еден жуушы болып орналасу үшін таныс керек,дейді ол.

Өңірден жұмыс таба алмаған жары Ресей жағалап кеткен. Айына 1 рет келеді дейді. Ал, рекрутерлер жұмысқа қабілетті жас бәріне керек, тек 50-ден асқан соң жұмыс табу расымен қиын екенін айтады.

Ұлжан ОСПАНОВА, ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫС БОЙЫНША КЕҢЕСШІ:

50-ден асқан адамдарды көп жұмыс берушілер алғысы келмейді. Мен қазір елордадағы ахуалды айтып отырмын. Көбі күш-қуаты бойында, білімді жастарды тартуға тырысады. Ал, енді оқу біТірген, тәжірибесі жоқ немесе студенттер маусымдық, уақытша, адам тұрақтамайтын орындарға ғана алынады.Жасы 28-33 жастағы жас мамандарға сұраныс жоғары.

Маман айтпақшы, 50 сапындағылар елімізде жұмыссыздықтың зардабын  көп тартатыны ақиқат. Бірақ, жауапты орган өкілі халықты жұмыспен қамту үшін барлық шара жасалып жатқанын айтады.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

700 мың деген бұл шаралар. Жұмыспен қамту шаралары деп атаймыз. Оның ішіне оқу процестері де кіреді,профориентация дедік.Оның ішінде және де қоғамдық жұмыстар кіреді.Бүгінгі таңда біз 100 мыңға жуық мемлекет тарапынан қоғамдық субсидиялық жұмыс орындарын ашып жатырмыз.

Министр орынбасарының мәліметінше, өңірлерде жұмыспен қамту үшін 65 мың іс-шара атқарылуда. Алда, халық санының өсуіне байланысты 780 мың жұмыс орнын ашу жоспарда. Сондай-ақ, мүгедектер мен өте жас мамандардың құқығын қорғау   бақылауда. Тіпті, жас кадрларды 3 ай сынақ мерзімінен кейін жұмыстан шығарып жіберу де алып тасталынады, дейді.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне «жаңа қызметкер» түсінігін енгізеді. 3 айдан кейін жас қызметкерді жұмыстан шығарып жіберуге мүмкіндік беретін сынақ мерзімін алып тастамақпыз. Егер біз сынақ мерзімін алып тастасақ, қызметкер жұмысында үлгермей жатса немесе жұмыста жетістікке жетпесе,оны жұмыс беруші біліктілігін арттыпы, жұмыста қалдыруы керек.


Ведомства басшылығының мәліметінше, қазір    450 мың жұмыссыз бар.  900 мың адам қызмет көрсету саласында 900 мың адам нәпақа тауып жүр. Оның тең жартысы- заңсыз. Ал, жастардың жұмыссыздығына себеп көп. Оның 15 пайызының орта білімі ғана болса,40 пайызы өз мамандығымен жұмыс істемейді.  34 пайызы мамандығын өзі таңдамайды.  

Л. Қуанышқызы