Жұрт кейбір азық-түліктен бас тартуға мәжбүр. Мұны олар қымбатшылықпен байланыстырды. Күнделікті тұтынатын тауардың бағасы күн сайын тиын болса да қосып, қалтаға салмақ салуда, - дейді. Осының салдарынан бірі көкөніс, енді бірі ет алудан қалған. Әріптесім Бекболат Сатуов елордалықтармен тілдесіп, қандай азықпен өзін-өзі қамтамасыз етуге қауқары жетіп жатқанын біліп келді.
Елордадағы базарларды аралап көрді. Бірінде сабылып жатқан адам жоқ. Орталықта орналасқан сауда орындарының бірінде ерсілі-қарсылы жүргендер көп. Бірақ сөмке толы тауар арқалағандар кездеспеді. Тіпті көкеністі, жемісті санап алып жүргендер бар.
БЛИЦ:
- Көкеніс алмайм мен. Бір келі помидор алсам. Оған 5 шутк келеді. Кім жейді оны. Қымбат бәрі.
- Бір килолап, екі килолап алып қалдыққой.
- Иә, қымбаттап жатыр бәрі. Бізге зейнеткерлерге қиын.
- Бұрынғыдай емес, ет бұрынғыдан өте қатты қымбаттап кеткен.Мысалы балық, тауық алдым ет емес.
Energyprom.kz порталының дерегінше елімізде отандық өндірушілер ұнның 99 пайызын, жарма мен күріштың 96 пайызын. қызыл ет пен құс етінің 95 пайызын, өсімдік майының 88 пайызын, ал макарон өнімдерінің 85 пайызын қамтиды. Бірақ ішкі өнімнің өзі баға үстіне баға қосқан. Мұны сатушыларда түсінбей дал.
Жанар, САТУШЫ:
Өзіміздің өнімдер болсада қант әсіресе, ұндарға да қосылып жатыр. Күріштерге де, майларға да қосылып жатыр.
Ғазиза, САТУШЫ:
Мынау өзімізден өндірілетін еттің барлығы қымбаттап жатыр. Ол рас.
САТУШЫ:
Доллар көтерілді сол уақытта бірден бағасы көтерілді. +400 теңге болды бүгін капустаның бағасы. Сәбіз -280, картошка-240 бағасы көтерілді.
Ал белгілі экономист Мақсат Халықтың пікірінше, отандық тауарлардың кейбірі негізсіз өсіп отырған болуы мүмкін. Себебі жалпы қымбатшылық кезінде, кәсіпкерлер бағаны әдейі көтеру мүмкін екен.
Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:
Әрине көп тауарларды біз шетелден сатып алғандықтан, импорттан келетін тауарлардың бәрі қымбаттап жатқандықтан. Біздің кәсіпкерлердің арасында осы жерде табыс тауып қалғысы келетіндерде болады. Яғни жалпы қымбатшылықта менде тауарымды қымбаттатамын деп, сөйтіп өсіретіндер бар.
Ауыл шаруашылығының мәліметінше, елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры жеткілікті. Жауапты ведмостваның айтуынша тек бағаны реттеу барысында қиындықтар барын жасырмады. Осыған байланысты үкімет тауар бағаларын реттеу үшін арнайы мониторингтік топ құрылғанын айтты. Нәтижесінде соңғы бір аптаның өзінде бағаны негізсіз көтерген 800-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталған.
Б. Сатуов