"AMANAT" партиясының бүгінгі отырысында қоғамдық кеңестердің жаңа басшылары таныстырылды. Сондай-ақ, партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов кеңестер жұмысының жаңа форматпен жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, жыл соңында сайлауалды бағдарламаның нақты тапсырмалары орындалмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың жауапты басшылары кеңестер отырысында есеп береді. Бұған дейін, "AMANAT" Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс 22 Съезде партия жанындағы Қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру міндетін қойған болатын.
Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бізде аймақтарды қосқанда 1700 кеңес болған. Сосын біз сараптама жасадық, қарадық. Свот анализ жасадық. Орталық аппаратта 124- ақ кеңес болды. Бірақ аймақтармен қосқанда 1700.14 кеңес бола тұра 5-еуін қысқарттық.9 кеңесті қалдырдық. Осында қатысып отырған депутаттар бір-бір кеңестің төрағасы болып сайланды. Ол бюроның шешімі шықты. Үлкен жауапкершілік.
Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесті - Ерлан Саиров, экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңесті - Аманжан Жамалов, отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті - Динара Закиева басқарады. Ал, Саясат Нұрбек білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңеске , Аманжол Алтай - "Miras" азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңеске, Еділ Жаңбыршин экологиялық кеңеске, Әмірхан Рахымжанов – Өңірлік даму жөніндегі кеңеске, жастарды қолдау жөніндегі кеңеске-Елнұр Бейсенбаев басшы болды. Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады. Жаңа басшылардың пікірінше, халықпен кездесудегі көтерілген мәселелердің 80% -ы сол жерде шешілуі тиіс.
Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз кеңестерді өңірлерді көбірек өткізгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Себебі, халықпен кездескенде, жеке кездескенде көтеріп жүрген мәселелердің 80 процентін жергілікті жерлерде шешілу керек мәселелер. 20-ары кеткенде 25 пайызы осы заңға өзгеріс енгізу, немесе орталық мемлекеттік органдарға қатысты мәселелерде, ал қалған көп мәселелер аудан деңгейінде, облыс деңгейінде шешілу керек.
Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Регионалдық осы кеңестегі ең үлкен мәселе, осы "ауыл ел бесігі" деген бағдарлама. Оған почти жарты триллион ақша төленіп отыр. 450млрд ақша, ол ақша қалай жеткізіп жатыр, қалай орындалып жатыр. Жергілікті жерде және өзіңізде айтып кеттіңіз жақсы оны біз қадағалауымыз керек.
Ә. Дүкембаева