Павлодарда да 30-ға жуық үйдің ауласын қызыл су басты. Рождественка ауылында екі отбасы далада қалды. Баспаналар жарамсыз болып қалғандықтан, олар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Қазір бұл аумақта төтенше жағдай мамандары жұмыс істеп жатыр. Десе де, қауіптің сейілер түрі жоқ.
Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында да жағдай күрделі. Кейбір үйлердің ішіне дейін су кірген. Мұнда да мамандар суды сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Майкөбе кен орнынан Екібастұзға қатынайтын қосалқы жолды да су басып қалды.
Асқарбек ОМАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
30 үйден 11 үйдің ауласынан су алынған болатын. Қазіргі уақытта 19 үйдің ауласында су бар. Ол қазір жұмыс жүргізіліп жатыр су сорғыштармен біздің құралдармен.
Ө. Қуанар