Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордадағы мектепке Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының есімі берілді

AstanaTV
01.04.2022ж. 20:00
2443
Елордадағы мектепке Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының есімі берілді

Елордадағы №57 орта мектепке көрнекті ойшыл, ақын, тарихшы, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі берілді. Осыған орай білім ошағында арнайы шара ұйымдастырды. Онда ақынның  өлеңдері оқылып,  өмірдерегі сөз болды.

Ұлы ойшылды дәріптеуге арналған шараға ақынның ұрпақтары мен әдебиет саласының майталмандары бас қосты. Олар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұлағатты өмір жолы , шығармашылығы туралы әңгімеледі.  Ақын жастайынан шығыс әлемінің білімімен  сусындап, араб және парсы тілдерін және өзге де тілдерді  жетік меңгерген. Өзі өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастырумен де айналысты. Бар мақсаты-халықты сауаттандыру болды.

Гүлназ ЕҢСЕБАЕВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

Мәшһүр-Жүсіп туралы түрлі мәлімет алып жатырмыз. Мысалға бізде Мәшһүр-Жүсіптану деген факультатив сабақ бар. Шығармаларымен ұнайды. Шығармаларын оқығанда терең ойланып, терең ойға түсесін.

Саналы ғұмырында қазақ әдебиетінің сөз маржандарын теріп, ауыз әдебиетіне үлкен үлес қосқан ойшылдың  бүгінде  том-том еңбектері жарық көріп, көрнекті ақының есімі жан-жақты дәріптелуде. Оған ақын ұрпақтары дән риза.

Абай ШАРАПИЕВ, МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ:

Бұл кісі кезінде өздеріңіз білесіздер тарихта шаңға басылып, діни адам, пантюркист, панисламист деп зерттелмей жатты. Енді міне рахмет, қазір үкімет қолға алып,міне ақырын бабамыздың 20 томдығы шықты. Кітаптары шығарылып жатыр.Осының бәріне мен өте қуанып сондай,мәз болып тұрмын.Өзім ұрпағы ретінде,алғысымды білдіремін,өте қуаныштымын.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  өзі  артына мәңгі  өшпес рухани мұра қалдырды.  Ол мұра әлі талай  ұрпаққа  құнды жәдігер болмақ.

Б. Сатуов