Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шетелдің дәрі-дәрмегіне қаншалықты тәуелдіміз?

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1426
Шетелдің дәрі-дәрмегіне қаншалықты тәуелдіміз?

Дәрі тағы қымбаттауы мүмкін. Бұған кәсіпкерлер мүдделі. Олардың пайымынша бағаны өсірмесек, дәрі-дәрмек тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Дегенмен қазірдің өзінде қант диабетімен ауыратындар дәрі таппай салдалып жүр.  Қазақстан шетелдің медициналық препараттарына қаншалықты тәуелді? Толығырық бейнематериалда.

Арнамызға хабарласқандардың көпшілігі дәрі тапшылығы туындап жатқанын айтып шағымданды. Мәселені зерттеу үшін елордадағы ірі дәріханалардың біріне бас сұқтық. Дәрі-дәрмек іздеген халықтың пікірі де осындай. Іздеген дәрісін таба алмай, тапқанның өзінде бағасы 3 есеге өскенін жеткізді.

БЛИЦ:

- Енді барлық дәрілер қымбат, негізі бұрынғы бағаға қарағанда 3 есе өскен. Мукалтиннің өзі бұрын 80 теңгеге алатынбыз қазір, 150-200 теңгеге аламыз.

- Мен сахар бойынша, учетта тұрамын, аптекаға келмей жатыр,2 жетіден бері, енді мына жерден сатып алайын десем бұл жерде де жоқ.

- Конечно, өте қажет дәрілеріміз табылмайды. Оны басқа аптекалардан қымбат бағаға аламыз.


Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров, соңғы күндері дәрі-дәрмектің тапшылығын орын алып жатқанын растады. Оның айтуынша, әлемдегі инфляцияға байланысты шикізат қымбаттаған.

Талғат ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Денсаулық сақтау министрлігі, айтып жатыр. Ешқандай проблема жоқ. Дәрі тапшылығы болмай жатыр деп. Бірақ, өңірлерде хабарласып жатыр, біраз дәрі-дәрмек тапшы болып жатыр. Дәрілер тапшы болып жатыр, неге десеңіздер мынау енді соғыс жүріп жатыр. Дәрі тапшы болуы ол заңдылық, себебі жеткізуі де қиындайды, заводтарда тоқтайды деген сияқты.

Қазақстанның фармацевтика нарығы импортқа қатты тәуелді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, дәріханалардағы антибиотиктердің – 85 пайызы, дәрумендердің - 100 пайызға жуығы шетелден әкелінеді.

Былтыр Қазақстан 21,7 мың тонна дәрі-дәрмек импорттаған. Ресми деректерде былтырғы жылы ең көп Ресейден (7,5 мың тонна дәрі) жеткізілген. Мұнан соң Украинадан (879 тонна препарат) әкелінген. Үштікті Беларусь (863,8 тонна) қорытындылап тұр. Ал Германия, Қытай, Үндістан, Франция сияқты мемлекеттерден жеткізілетін дәрілер 2 тоннаға да жетпейді.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек тапшылық бар дегенмен түбегейлі келіспейді. Өйткені елде 2 айға жеткілікті қор бар деп отыр.  

Ажар ҒИНАЯТҚЫЗЫ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Дәрілерге қол жетімділікті арттыру үшін, жағдайды тұрақты ұстау үшін барлық өңірлерге, тұрақтылық қоры құрылды. Сол қорда 2 айлық дәрі-дәрмекті әлде де бір жағдай ушыққан кезде керек болады деп сақтап отырмыз.

Бұған дейін, жауапты министрлік нарықта дәрі-дәрмектен дефицит болмас үшін елден шығаруға алты айға дейін тыйым салуды Үкімет отырысында ұсынған болатын. Оған қоса мемлекет тарапынан шекті баға енгізілгенін еске салды.

Ә. Дүкембаева