$498.34 €519.72 ₽4.85
×

AMANAT партиясы бағдарламалық құжаттарды жаңарту жұмысын бастады

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1358
AMANAT партиясы бағдарламалық құжаттарды жаңарту жұмысын бастады

AMANAT партиясы бағдарламалық құжаттарды жаңарту жұмысын бастады. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов, негізгі саяси тұғырнама, оның ішінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сияқты бағдарламалық құжаттарды қысқа мерзімде жаңарту үшін құрылған жұмыс топтарымен жиналыс өткізді. Ол бұл туралы 1-ші наурызда өткен съезде, партия төрағасы де атап өткенін еске салды. Қазір әр бағдарламаға арнайы жұмыс топтары құрылды. Партияның саяси тұғырнамасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып депутат Айдос Сарым тағайындалды. 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобына Саясат Нұрбек жетекшілік етпек. Ал 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Саиров болды. Ал, жұмыс топтарының құрамы: екі палата депутаттарынан, партия саяси кеңесі мүшелерінен, сарапшылар, үкіметтік емес сектордан, уәкілетті органдар өкілдерінен жинақталған. Осы ретте жұмыс топтары қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресіп, әлеуметтік мәселелерді түбегейлі шешумен айналыспақ. Партия мүшелері әрбір құжат бойынша Өңірлік филиалдардан, Мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттық фракциялардан және жұртшылық өкілдерінен ұсыныстар жинау басталғанын атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Партия бағдарламасын жаңарту кезінде пандемия, қаңтар оқиғасы және геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты күрделі жағдай қалыптастырған заманауи сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, тұжырымдамалық тәсілдер мұқият пысықталуы керек деп есептейміз. Сондай-ақ мемлекет саясатының негізгі бағыттары "Жаңа Қазақстанның" күн тәртібіне сай жасалуы тиіс.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Аманат» партиясы осы өзінің бағдарламасын орындайды және бүгінгі таңда мынау сенім кредиті өте жоғары. Жаңа өзіңіз айтып кеттіңіз ғой, аймақтарда Аманат партиясының бүкіл кеңестерінің барлығы халықтың әлеуметтік проблемасының бәрін шешіп жатыр. Ұрпақтас сабақтастығы міндетті түрде болуы керек. Сондықтан, біз өткеннің жақсысын ала отырып, болашаққа жылжитын боламыз.

Л. Қуанышқызы