Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде 9 үй су астында қалды

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
1257
Ақтөбеде 9 үй су астында қалды

Ал Ақтөбеде 9 үй су астында қалған.  Сабаннан салынған бір үй құлады.  Тасқыннан келген шығынды анықтау үшін құрылған арнайы комиссия бүгін үйлерді аралай бастады. {КСМ} Қаланың іргесіндегі Қарғалы елдімекенде су басқан үйлердің тұрғындары әлі ес жия алмай отыр. Бүлінген жиһаз бен мен істен шыққан тұрмыстық техниканы сыртқа шығарып тастаған. «Бүгін әкімдіктен адам келді, бірақ шығынды есептеушілер тек екі күннен кейін мүлікті бағалайды деп кетті», деп ренжиді.

Юлия ДРОБОВСКАЯ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйімнің қабырғасы, едені қақырап тұр.  Ылғалдың кесірінен төбесі де құлайын деп тұр. Билік бұл жағдайды қадағалауы керек еді. Біз әр көктемді үреймен күтіп отырамыз. Өйткені, 1993 жылы су басқаны әлі есімізде.


Ағипа ИМАНҚҰЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жоғарыдағылар ойлау керек. Әр жыл осылай. Жақсылап көпір салу керек. Тяп-ляп істелген көпір болмайды. Жыл сайын құлайды.


Галина БЛАЖКО, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз үйіміздің айналасына құм төсеп, қорғап қалдық. Үйге су кірмесін деп жанымызды салдық. Ал, көршілерміздің үйі не болып жатқанын айтудың өзі қорқынышты. Олардың кішкентай балалары бар, үйлері ылғал.


Соңғы деректер бойынша, өңірде су тасқыны кезінде 119 үйді  су басқан. 315 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 100-ден астам адам эвакуациялық пункттерде  тұрып жатыр.  Ойыл ауданының Ақшатау ауылына апаратын жолды үш жерден су шайып, елді мекенге көлік қатынасы үзілген.

Оңдасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тасқынға себеп болған жерлерді анықтауды және анализ жасауды тапсырдым. Бұған не себеп болды? Құрылыс нысандары дұрыс жоспарланбаған ба, әлде табиғи апат па? Осы факторларды ескермедік.


Г. Сейтенова