Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, шамамен 4 келідей мөңке және сазан шабақтары жағаға шығып қалған. Өлекселердің жонында жара тәріздес қабыршақтар байқалады, дейді. Сынама алынып, зертханаға жіберілді.
Марат ҚАРАҚҰЛ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Оңтүстік аймақта, әсіресе Шардара қаласында қыс мезгілі болмай жатуы себепті балықтың иммунитеті төмендеп, көктем мезгілінде шамалы балықтар өлу жағдайы анықталады. Одан кейін 10-15 күннің ішінде судың астында көк шөп шыққаннан кейін бұл балықтардың бәрі қалыпқа келеді.
А. Төребекқызы