Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шардарада балықтар қырылу дерегі тіркелді

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
1131
Шардарада балықтар қырылу дерегі тіркелді

Түркістан облысындағы  Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, шамамен 4 келідей мөңке және сазан шабақтары жағаға шығып қалған. Өлекселердің жонында жара тәріздес қабыршақтар  байқалады, дейді.  Сынама  алынып, зертханаға жіберілді.  

Марат ҚАРАҚҰЛ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Оңтүстік аймақта, әсіресе Шардара қаласында қыс мезгілі болмай жатуы себепті балықтың иммунитеті төмендеп, көктем мезгілінде шамалы балықтар өлу жағдайы анықталады. Одан кейін 10-15 күннің ішінде судың астында көк шөп шыққаннан кейін бұл балықтардың бәрі қалыпқа келеді.  

А. Төребекқызы