Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Жамбыл. Жаңа дәуір" фильмі: балалар арасында кастинг жалғасуда

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
1416
"Жамбыл. Жаңа дәуір" фильмі: балалар арасында кастинг жалғасуда

Жыр атасы Жамбыл Жабаевқа арналған "Жамбыл. Жаңа дәуір" фильміне балалар арасындағы кастинг жалғасуда. Кастингке  қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық өтінім келіп түскен. Ұйымдастырушылар дарынды жасөспірімдерді іздеуді сәуір айының аяғына дейін жалғастырамыз дейді.  Балалардың түсірілімге қатысу тәжірибесі маңызды емес. Кастингке қатысуға кез келген бала онлайн-форматта өтінім бере алады. Тек аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балғындарға басымдық беріледі. Кинотуындының түсірілімі мамыр айында басталады.

Диана ҚЫДЫР, КАСТИНГ ДИРЕКТОРЫ:

Кино саласында мұндай балаларға мүмкіндік бола бермейді. 30 шақты балаға мүмкіндік беріп, оның ішінде іріктеп отырып 2-3 балаға Жамбылды ойнайтын актермен қатар рөл берсек деп отырмыз. Өте талантты балалар көп екен.  

Гүлжан АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР:

Осы жерге келіп балалардың шығармашылығын дамытуға кастинг өткізіп жатқан ұжымға алғысымызды, рақметімізді айтамыз. Балалардың ерекше қасиеттерін ашып, қоғамға бейімдеп, оларды дәріптеп жатқанына көп рақмет.  


Ә. Бердібеков