Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде онкологиялық дертке шалдыққандар 10 % көбейген

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
1458
Елімізде онкологиялық дертке шалдыққандар 10 % көбейген

Елімізде жылына 36 мың адам қатерлі ісік дертіне шалдығады. Өкінішке қарай, соның жартысынан астамы көз жұматын көрінеді. Себебі, көп жағдайда науқастар  ауруды асқындырып келеді дейді дәрігерлер.  Оның үстіне соңғы жылдары коронавирус пандемиясына байланысты бұл қауіпті ауру тасада қалып қойғанын айтады. Толығырақ Әсел Дүкембаеваның бейнематериалында.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтыр  онкологиялық дертке шалдыққандар  саны 10 %-ға көбейген.   Олардың арасында балалар да бар.  10 жасар Бекарыс   қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісігіне шалдыққан. Анасы "баламның диагнозын естігенде төбемнен жай түскендей болды" дейді.   

Райгүл, БЕКАРЫСТЫҢ АНАСЫ:

Баланың хәлі ауыр болды. Мұнда қойған диагнозы лейкоз ауруының өте жоғарғы дәрежедегі. Ең бірінші химия алғанда қиын болды, қолы бәрі құрысып, аяқ қолының тартылып қалатыны. Жүрегім сезді, баламның алға қарай жазылып кететінін, бастысы сенімділік болды.


Қазір  Бекарыстың жағдайы бірқалыпты. Анасының айтуынша,   ауруханада  ем алып жатыр.  Онколог мамандар қатерлі ісікке шалдығу көрсеткішінің артуының бірнеше себебі бар дейді.    

Кәрімжан ҚҰСАЙЫНОВ, КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізге көбінесе асқынып кеткендер, шамалы созылып кеткен уақытта келеді. Енді халықтың  өзіне байланысты кезінде қаралмай анықтау шамалы қиындау болады. Егер 0,1,2 стадиялар 90-100 процент емделіп кетеді. Уақытында келсе. Ал, көбінесе келетіндер сезбейді, анықталмайды.


Қазақстан бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қатерлі ісікпен ауыратындардың көрсеткіші бойынша антирекорд.   Онан кейін Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Солтүстік Қазақстан облысы-289, Қостанай облысы -268, Павлодар облысы-263,  Шығыс  Қазақстан облысы-252, Батыс Қазақстан облысы-208, Атырау облысы -133, Қызылорда облысы -132, Жамбыл облысы-128, Маңғыстау облысы-125, Алматы қаласы-191,  Нұр-Сұлтан қаласы-164,   Шымкент қаласы- 116, Түркістан облысы-86,5.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандары да   науқастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Қатерлі дерт  пандемияның көлеңкесінде қалып қойды дейді.

Бақытжан ОҢҒАРБАЕВ, ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2021 жылы статистикаға қарасақ,  өсу байқалады. Оның өзінді себебі бар. 2020 жылы бізде пандемияға байланысты ұзақ уақытты карантин болды.2020 жылы көктемнен бастап үйден шыға алмады. 2021 жылы бойынша, 1932 пациент 1 стадиядағылар табылды. Ол деген 49 процент.

Елімізде онкологиялық ауруларды анықтау, емдеу тегін жүргізіледі.   Тек    мамандар 2-3 жыл сайын скринингтен өтуге  кеңес берді.

Ә. Дүкембаева