Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда дәрігер операцияны баланың оң көзіне жасаудың орнына, сол көзіне жасаған

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
2579
Алматыда дәрігер операцияны баланың оң көзіне  жасаудың орнына, сол көзіне жасаған

Алматыда дәрігер операцияны баланың оң көзіне  жасаудың орнына, сол көзіне жасаған. Анасы дәрігерлердің салғырттығынан баласының мүгедек бола жаздағанын айтады. 4 жастағы Асылжанның әу-баста оң көзінде киста болған. Диагнозды  өздері қойған. Бірақ дәрігерлер операцияны сол көзіне жасап тастаған. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Тілшіміз тарқатады.

Айдын Тоқсанбаева ұлының диагнозы жайлы өткен жұмада біледі. Содан қаладағы шұғыл медициналық жәрдем орталығына келіп, баласын дәрігерлерге көрсетеді. Мамандар 4 жастағы Асылжанның оң көзінде киста барын айтқан. Ота жасап, алып тастауға болады деген.

Айдын ТОҚСАНБАЕВА, АСЫЛЖАННЫҢ АНАСЫ:
 
Тоғызда алып кетті. И алып келді. Шықтым завела его. Қасымда тоже медсестралар тұр. Он пенается, орет, басын ұрып жатыр, аяғымен теуіп жатыр. Я смотрю что-то не так.   Потому что не тот глаз прооперировали. Я начинаю ішімнен думать оң қол қайсы еді, сол қол қайсы еді.

Ауыл аймақтағы аурухана емес, білдей мегаполистегі жағдай. Осыдан кейін дәрігерлерге қалай сенеміз дейді, ашынған ана.
 
Айдын ТОҚСАНБАЕВА, АСЫЛЖАННЫҢ АНАСЫ:
 
Я говорю почему сол көзіне жасалды оң көзі ғой. Сөйтсем маған Медет Абдиханиев говорит сол көзі ты че мамаша сол  көзі ғой дұрыс қой деп айтады. Өзі сол направлениені беріп, өзі оң көзі деп тұрған адам операция кезінде просто сол көзін жасай салды.
 
Ал ақ халаттылар өз алдына ақталып әлек. Бас дәрігердің орынбасары ота кезінде өзгерістер болғанын растады. Оң көзінде болған киста, операция кезінде сол көзіне ауысқан дейді.
 
Дінмұхаммед РУЗУДДИНОВ, АЛМАТЫ қ. БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оң жақ қабағының халазилоны деген диагнозбен. Бүгін таңертең бала отаға алынады. Ота кезінде оң жағындағы халазионнның орны жазылып, өзінен өзі жазылып сондықтан да дәрігерлер ота жасаушы сол жақ жоғарғы қабағын қарайды. Тапқаннан кейін сол жақтағы халазионды алып тастайды.
 
Осылай деген дәрігер басқа сауалдарға жауап беруден бас тартты. Ішке тұра қашқан маманмен шырылдыған ананың өзі тілдесе алмады. Әйтсе де келіншек салғырт дәрігерлердің  сазайын беруді талап етпек.
 
Ә. Лесбек