Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қостанайда жүйткіген көлік дәмханаға соғылды

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
1207
Қостанайда жүйткіген көлік дәмханаға соғылды

Қостанайда жүйткіген көлік қарсы беттегі  дәмханаға  соғылды. Жүргізушімен бірге дәмхананың екі қызметкері жарақаттанды. Көлік тізгініндегі 24 жастағы қала тұрғынына   екі күн бұрын ғана жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынған көрінеді. Ал жыл басынан бері 5 рет әкімшілік айыппұл арқалапты. Бірақ қымбат көлік тізгіндеген  жүргізушінің  ережені ескеретін түрі жоқ.  Полиция жол-көлік апатына байланысты тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды.  

Виталий ЦОЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аталған факті бойынша Қостанай қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу бастады. ҚР Қылмыстық кодексі 345 бабының бірінші  бөлігі, яғни жол ережесін бұза отырып денсаулыққа зиян келтіру бойынша. Тиісті  сараптамалар түгел тағайындалды.

З. Санай