Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тайландағы бокс турнирінде төрт қазақстандық бір-бірімен жұдырықтасады

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
1354
Тайландағы бокс турнирінде төрт қазақстандық   бір-бірімен жұдырықтасады

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөліесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Лаура! Геннадий Головкин жекпе-жек алдында қазақстандықтарға мемлекеттік тілде мәлімдеме жасады. Осы және өзге де жаңалықтар сәлден соң.

Тайландағы бокс турнирінде төрт қазақстандық   бір-бірімен бокстасады. Олар финалдың жолдамасын өзара сарапқа салады. Жалпы, ертең өтетін жартылай финалдық бәсекеде 7 отандасымыз бақ сынайды. Олар: 57 келіде Серік Теміржанов, 75 келіде Аятулла Тәкіжанов, 91 келі салмақта Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай, 63 келіде Санатәлі Төлтаев пен Сұлтан Мусинов және 69 келіде Асылан Шымбергенов. Бізге белгілісі ел қоржынына автоматты түрде 2 қола медаль түсіп тұр. Оны кім салатыны әлі белгісіз. Сондай-ақ ұлттық құрама сапынан әзірге Нұрбек Оралбай шешу сынға жолдама алды. Айта кетейін, Пхукет қаласында былғары қолғап шеберлерінің жарысы 9 сәуірде аяқталады.

"Сіздердің қолдауларыңыздың орны ерекше!" Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жекпе-жек алдында осындай мәлімдеме жасады. Бүгін орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мен WBA титулына ие Риота Мурата кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Екі мықты шаршы алаңда 9 сәуір күні жұдырықтасады. Тартысты бәсекені DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі. Бокс елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Геннадий ГОЛОВКИН, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

Мурата мен оның еңбегін құрметтеймін. Одан атақты тартып алуға барымды саламын. Жапонияға келген себебім де сол. Лық толған аренада айқас өткізуге асықпын. Бұл жыл жекпе-жегі болады деп ойлаймын.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған отандасымызға аталған ұйым арнайы сертификат жолдаған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева "блицте" бірінші орынды жеңіп алған болатын.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Лаура, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр