Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбылда жоғалған сарбазды 36 күннен бері таба алар емес

AstanaTV
08.04.2022ж. 20:00
1308
Жамбылда жоғалған сарбазды 36 күннен бері таба алар емес

Жамбылда жоғалған сарбаз әлі табылған жоқ. Оның іс-түссіз кеткеніне бүгін 36-шы күн. Етегі жасқа толған анасы әскерилердің іздеп жатырмыз деген сөзіне сенбейді. Айтуынша, соңғы кезде әскери бөлімдегілер тіпті хабарсыз кетті деп отыр.

Бұл - Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Андас батыр» бөлімі. Әскери бөлімше таулы жерде орналасқан.19 жастағы сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге Қызылорда облысы Қазалы ауданынан келген. Әскерге өткен жылдың қыркүйегінде қабылданыпты. Соңғы рет оны сарбаздар 2-ші наурызда көрген. Содан бері оны көрген жан табылмай отыр.
 
Орынкүл МЕРЕКОВА, АНАСЫ:


Баламды әлі таппай жатырмын. Міне квартирада жатырмын бір айдан 8-9 күн асып бара жатыр. Қарамаған жеріміз жоқ барлық жерді қарадық. Еш жерден таппай жатырмыз. Балам қайда кетуі мүмкін. Олардан сұрасақ, біз білмейміз әпке дейді. Бір ай асты ма бір айдан соң еш қайсысы келмей қойды. Іздеп жүрген адамдарды көрдіңіз ба? көріп жүрген жоқпын іздеп жатқан.

Әскерилер болса, жоғалған сарбазды іздеу бір сәтке де тоқтаған жоқ дейді. Олар тәртіп сақшыларымен бірігіп тау тасты кезіп жүргендерін жеткізді. Тіпті еріктілер қосылып, із-түссіз кеткен сарбаздың суретін ауылдарға іліп шыққанын айтты.  

Қайрат ТҰЯҚОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұлықбек Бердішевтің жоғалу дерегіне қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды. Әскери полицейлер тергеу амалдары жүргізіп жатыр. Бірақ біз іздестіру шараларын тоқтатқан жоқпыз. Осы уақытқа дейін әуеге ұшақ жеті рет көтерілді. 100-ге жуық әскери жұмылдырылған. Олар күндіз де, түнде де қарап жатыр. Тіпті көрші ел Қырғызстанның әскерилеріде іздестіріп жатыр.   

Сарбаздың туыстары болса, оны әскерден қашып кетті дегенге сенгісі жоқ. Табиғаты момын баласының өздігінен жоғалып кетуыіне күдікпен қарайды. Біреулер қысым көрсетіп, бір жерде ұстап отыр деп санайды. Ата-анасы азаматтық борышын өтеуге кеткен ұлдарының аман-есен табылғанын ғана қалайды.

Б. Жұмабайұлы