Елімізде жыл басынан бері тауық еті 19 процентке қымбаттаған. Ал құс етін өндіру көлемі биыл 18 мың тоннаға жеткен. Өндіріс артқанымен баға шарықтап барады. Құс еті мен жұмыртқаның қымбаттауына не себеп? Тілші бейнематериалы.
Тауық еті әсіресе, Ақтауда қымбат. Бір келісі - шамамен 1300 теңге. Бұрын 800 теңге болған. Онан кейінгі орында-Түркістан, онда тауық еті -1241 теңге тұрады, Нұр-Сұлтан қаласында - 1236 тг, ал Шымкентте - 1228 теңгеден сатылып жатыр. Жұрт жергілікті жерде өндірілетін өнімнің қымбаттау себебін түсіне алмаймыз дейді.
БЛИЦ:
- Я понимаю если мынау ненікі американский окорочка взаимосвязанный прямой Америкадан келіп жатыр. Ол қымбаттап жатыр. Ал местныйлары неге көтеріп жатқанын білмеймін.
- Бағаның қымбаттауы это бұл өте сұмдық. Жай магазиндердің өзінде үйдің қасындағы магазиндерге вообщем кіруге не возможно ғой.
- Баға деген сағат сайын ауысып жатыр. Біз әлгі тауарлар алудан да қалдық. Білмейм не үшін қымбаттап жатқанын арзандайды деп, наобарот қымбаттап жатыр бәрі.
Ал сатушылардың айтуынша, бағаны өндіруші компаниялар мен алыпсатарлар көтеріп отыр.
КӘСІПКЕР:
Бұл енді фирмадан қымбаттап келеді. А негізі қымбаттайтын себебі, ортадағы перекупщиктер құртады. Алып сатарлар, солар көп қылып сатып алады да, қойып қояды сосын қымбаттап сатады.
Елімізге қажетті тауық етінің 40 проценті-импорт, қалғаны-отандық өнім. Құс өсірушілер одағы президентінің айтуынша, бағаның өсуіне бір ғана нәрсе емес, әр түрлі фактор әсер етеді.
Руслан ШАРИПОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰС ӨСІРУШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
150 мыңға барды бір тонна жем. Сол үшін вынужденно көтеріп отыр. Ол бізден емес. Біз қазір әлі вот осы уақытқа дейін уже 4 ай өтті бір тиын субсидия алған жоқпыз. Мынау ет өндіретін құс фабрикалары да! Былтыр қалған қарыздар бар не қылған жоқ. Әлі до сих пор правила шыққан жоқ.
Жұмыртқа да қымбат. Жұмыртқа өндірушілер де субсидиядан қағылған. Соның салдарынан 4 құс фабрикасы банкротқа ұшырап, жабылып қалған. Мамандар жақын арада демеу қарды қайтарылады дейді.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяуда бір облыс экспорт тыйымынан босатылды. Қалған өңірлерді де қарастырып жатырмыз. Жақын арада оларға салынған шектеуді де алып тастаймыз деген сенім бар.
Мадина БИСЕМБАЕВА, ТІЛШІ:
Құс өсірушілер одағының мәліметінше елімізде 67 құс фабрикасы бар. Алайда оның бәрі жекеменшік. Бұл да бағаға әсер ететін көрінеді.Кез келген кәсіпорын шығын көбейгеннен кейін бағаны көтеретіні анық. Құс өндірушілер отандық база қалыптастырмаса болмайды дейді. Сондай-ақ, делдалдарды бақылауға алу керек. Сергелдеңге салған субсидия тағы бар. Бұл мәселелер шешілсе, баға да бір қалыпқа келеді дейді.
М. Бисембаева