Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда тұрғындар үй ауласындағы құрылысқа қарсы шықты

AstanaTV
08.04.2022ж. 20:00
1559
Павлодарда тұрғындар үй ауласындағы құрылысқа қарсы шықты

Павлодарда тұрғындар үй ауласындағы құрылысқа қарсы шықты. Айтуларынша, аулада балалар ойнайтын жер қалмаған. Тіпті, ол аздай ауладағы гараж, қора-қопсыны да бұзып тастамақ.   Тұрғындардың мұнан өзге де мәселесі көп. Ол туралы тілшіміз Өзгеріс Қуанар айтады.  

Өткен ғасырдың 40-50 жылдары салынған  баспаналар апатты деп танылған. Алайда, мұнда әлі  адамдар тұрып жатыр. Өйткені, басқа барар жеріміз жоқ дейді.  Ол өз алдына проблема. Оны осыған дейін талай мәрте көрсетіп, айтқанбыз. Бұл жолғы мәселе ауладағы құрылысқа қатысты болып тұр. Онсызда ығы-жығы орналасқан тар аулаға көп қабатты тұрғын үй салынбақ. Бұған тұрғындар қарсы.

Марат СҮЛЕЙМЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Туалетті қораны бәрін алып тастаймыз - дейді. Общежитья бола ма, 4 этаж дейді. Бұның бәрін түгел аламыз - дейді. Енді біз қайда барамыз.  

Тұрғындар қыста от жағып, су тасиды.  Сондықтан аулада көмір сақтайтын қойма мен  қора-қопсы орналасқан.

Ботагөз ШӘКЕНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өрт болған жайтта пожарный кіре алмайды. Мына арадағы үй өртенген кезде 2 жыл бұрын пожарный кіре аламады.  Ол кезде мұнда мойка тұрды. Мына арадан қазір КаМАЗ келеді, трактор келеді. Анау келеді мынау келеді. Сонда менің балаларым қайда ойнайды.

Тұрғындардың қарсылығына қарамастан, аумақты қоршап тастаған. Жер әлдеқашан жекенің меншігіне өткен.   

РУСЛАН:

Бұл жерде жеке тұрғын үй салынады. Егер әкімдік үй салуға рұқсат берсе, 3 қабатты үй салынады.  Әзірше тек дайындық жасауға ғана рұқсат берді. Құрылыс бастауға рұқсат берілген жоқ. Қазір құжат жұмыстары аяқталуға жақын қалды.


Ал әкімдік өкілдері жердің 2016 жылдан бері жекеменшікте екенін растады.   

Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Аталған жер учаскесіне қалалық құрылыс және сәулет бөлімнің мамандары барды. Анықталғандай, аумақ қоршалған. Бірақ, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.  Жердің иесі құрылыс жұмыстарын бастау туралы құзырлы органдарға жүгінген жоқ.


Ал құрылыс жұмыстарын бастау туралы өтініш түссе, әкімдік мамандары бұл аумақты тексереміз – деп отыр. Тұрғын үй салуға болар болмасын арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Ө. Қуанар