Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкент қаласында болды

AstanaTV
08.04.2022ж. 20:00
1343
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкент қаласында болды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкент қаласына барып, медицина қызметкерлерімен, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, партияның қалалық активімен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ ол қаладағы дендрологиялық саябақта жастар қанатының белсенділерімен бірге «TazaLike» жобасының алғашқы іс-шарасына қатысты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы алдымен Шымкент қаласында «TazaLike» партиялық жобасы аясындағы алғашқы экологиялық акцияға қатысты. Оған 100-ден астам жас қатысып, олар Асанбай Асқаров атындағы қалалық дендросаябаққа 200-ден астам көшет отырғызды. Партияның Атқарушы хатшысы бұл жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту екенін атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«AMANAT» партиясы кәсіби экологтарды, белсенділер мен еріктілерді жұмылдырып, жыл бойы түрлі  экологиялық акциялар өткізетін болады. Жаңа экологиялық жоба әрбір өңірде, әрбір аудан мен ауылда қолдау табатынына күмәніміз жоқ. Өйткені жерімізді таза ұстап, елімізді көркейту – басты міндеттеріміздің бірі.


Сондай-ақ, Асхат Оралов қалалық онкологиялық орталықта болды. Мұнда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында позитронды-эмиссиялық томография түсіруге арналған жабдық орнатылған. ПЭТ зертханасы бұған дейін тек Алматы мен елордада болды. Енді Шымкенттің және оған жақын орналасқан облыстардың тұрғындары жолға уақыт пен қаражат шығындамай, заманауи жабдықта тегін тексеруден өте алады. Кездесу барысында ұлт денсаулығы – «AMANAT»-тың басты басымдықтарының бірі екендігі айтылды.

Даулет ЖҰМАҒАЛИ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Президентіміздің жүйелі саясатының арқасында, мынау  «AMANAT» партиясының және біздің жергілікті әкімшіліктің тікелей қолдауымен ел игілігі үшін мынадай жақсы аппарат қойылып жатыр. Бұл апараттың енді айтарлықтай енді бізде жалпы айтқан кезде бұл ядролық медициналық кластер деп аталады.Бұл кластер бізде келешекте медициналық туризімді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Шымкентте қаладағы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының жиналысы өтіп, онда жергілікті жерлерде партияның жаңа жобаларын сапалы жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүгінде қалада құрамында 31 мыңнан астам партия мүшесі бар 51 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Осы күні Асхат Оралов Шымкенттің партия активімен де кездесіп, ел Президентінің Жолдауында жарияланған реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін «AMANAT» партиясы модернизациясының басымдықтарын талқылады.

Б. Сатуов