Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 168 адам сотталды

AstanaTV
11.04.2022ж. 20:00
1129
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 168 адам сотталды

Арнайы прокурорлар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық 12 топтың қатысқанын анықтады. Олардың айтуынша,  қақтығыста ең белсенді қатысқандардың бірі - "Дикий Арман". Бұл туралы Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  Орталық коммуникациясында өткен брифингте мәлімдеді.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ 1-ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қаңтар кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан. Олардың ішіндегі ең белсенділері — "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 23 мүшесі және 4 авторитеті бар.


Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде қылмыс әлемінің 4 серкесі бар. Сондай-ақ, Бас прокуратура жоғары лауазымды адамдар да осы іске күдікті деп танылғанын айтты.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ 1-ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҰҚК және Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Полиция департаменттерінің, Алматы әуежайы ғимаратын қараусыз қалдырып кету дерегі бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл орган жетекшілері күдікті ретінде танылған.

Қазіргі уақытта 206 қару ғана тәркіленген. Ал қалған қару-жарақ әлі де қылмыскерлердің қолында. Мұны Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тергеу басқармасының бастығының айтуынша, қазір тергеушілер 1090 қылмыстық істі қарауда. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 165 адам қамауда отыр.

Санжар ӘДІЛОВ, ІІМ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

 
Бүгінгі таңда елдің соттары  168 адамды соттады. Олардың ішінен 147 адам олардың өкілеттілігін және келтірілген зардаптың орнын толтыру бойынша қабылдаған шаралардың ескере отырып, және адамгершілік  қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау жазаларына сотталды.


Ә. Дүкембаева