Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда табылған сәбиді анасы даладағы ағын суға лақтырған болуы мүмкін

AstanaTV
11.04.2022ж. 20:00
2275
Қарағандыда табылған сәбиді анасы даладағы ағын суға лақтырған болуы мүмкін

Қарағандыда қоқыс пакетінен табылған сәбиді анасы даладағы ағын суға лақтырған болуы мүмкін. Куәгерлер жаңа туған нәрестенің денесі гараж маңына қар суымен ағып келуі ғажап емес,- деп болжайды. Өйткені арада 2 күн өтсе де пакет жатқан маңайдан күдікті әйел табылмаған. Полиция көкек ананы әлі іздеп жатыр. Куәгерлермен өңірдегі тілшіміз тілдесіп қайтты.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:


Пакеттегі сәбидің денесінен ешбір зорлық- зомбылық белгілері байқалмаған. Тұрғындар европалық нәсілдегі балпанақтай ұл баланың жаңа ғана дүниеге келгенін кесілген кіндігінен- ақ анық білген.

Қара пакетті Еленаның ұлы кешкісін өз гаражының бұрышынан тауып алған. Шошығанынан жақындары мен полицияны қоса шақырады. Әйелдің айтуынша, бұл маңайда күдікке ілінерлік ешкім жоқ. Жалпы куәгерлер қорқынышты пакет бұл маңайға қар суымен ағып келуі мүмкін,- деп болжайды. Олардың ойынша нәрестені анасы даладағы ағын суға лақтырып жіберуі мүмкін.

Елена, КУӘГЕР:

Ымырт жабылған кез болатын. Ұлым гаражға келгенде пакетті көріп ашып қалған. Тыр жалаңаш баланы көргенде шошып кетіпті. Дереу полицияға хабарластық. Бұл маңайдан біреу тастады деп ойламаймын.

 
Әп-сәтте жедел жәрдем де жеткен. Алайда сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Шетінеп кетіпті.  

Виктор, КУӘГЕР:

Бүкіл ықшам ауданның суы осы жерге құйылады. Баланың денесі сол қар суымен ағып келуі мүмкін. Оның үстіне пакеттың аузы  мұқият жабылған болды. Сәбиін тастаған адам сау емес, психикалық сырқат деп ойлаймын. Жануардың өзі күшігін өлтірмейді ғой.


Полиция екі күнен бері көкек ананы іздеп жатыр. Бірақ әлі таппады.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД:


Аталған факт бойынша ҚР ҚК- нің 100- інші бабы, яғни «жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қазір көкек ана бүкіл қаладан іздестіріліп жатыр. Ең алдымен жаңа босанғандар тексерілмек. Ал сәбидің денесіне тиісті сот- медициналық сараптамасы жасалуда. Бала ай күніне жетіп туылған. Оның өліміне не себеп болғаны осы аптада анықталмақ.


А. Қуаш