$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құсмұрын түрмесі тым арзанға сатылды

AstanaTV
11.04.2022ж. 20:00
1435
Құсмұрын түрмесі тым арзанға сатылды

Екі мәрте бәссаудаға түскен түрме, үшінші аукционда тым арзанға бағаланды. Қостанай облысындағы Құсмұрын колониясы 4 миллион 670 мың теңгеге сатылды. Еске салайық, аймақта 60 жыл жұмыс істеген түзеу мекемесі өткен жылы жабылған еді. Жазасын өтеушілер басқа абақтыларға ауыстырылып, қызметкерлер өзге мекемелерге жұмысқа орналасты. Ал қаңырап қалған нысанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатылымға шығарды.

Көбей ҚАСЫМОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Бәрі қағида, заң бойынша өткізілді. Госреестр деген веб портал бәріне белгілі. Ашық түрде. Интернет желісінде қарауға, көруге болады. Оған біз ешқандай сырт жақтан ешкім әрекет ете алмайды. Біздің басты жұмысымыз жиналған ақпаратты барлығын бев порталға салу біздің жұмысымыз.


Құсмұрын түрмесін алматылық кәсіпкер сатып алғаны белгілі болды. Қалталы азаматтың аумақтағы жиырмадан астам нысанды қай мақсатта пайдаланатыны әзір белгісіз. Белгілісі мүлік иесі 25 гектардан астам жер аумағын сатып алу үшін тағы ақша жұмсауы тиіс.

Виктор ШЕВЧЕНКО, БАҒАЛАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Түрме аумағындағы нысандар әуелі  249 миллион 795 мың теңгеге бағаланды. Бағалауды екі тәсілмен жүргіздік. Салыстырмалы және шығын әдісі. Оған қоса, нысандарды сатып алған адам алдағы уақытта жер аумағын сатып алу үшін тағы ақша жұмсайды.


З. Санай