Елордада қаржы пирамидасына қомақты қаражат салған алматылық әйел, өзін өртеп жіберді. Бейнежазбада байқағанымыздай, бірнеше адам ІІМ ғимаратының жанында жиналған. Олар пирамиданы ұйымдастырғандарға қылмыс іс қозғалуын талап етті. Құзырлылардың түсіндірме жұмыстарына қарамастан, ұйымдастырушылардың бірі өзіне сұйықтықты шашып, өрт қойды.
Қаржы пирамидасы бойынша Алматы қалалық полиция департаменті жұмыс атқаруда. Құзырлылардың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылған. Сонымен қатар, алты күдікті қамауға алынды. Үшеуіне қатысты тергеу соты "кепіл" бұлтартпау шарасын санкциялады, тағы екеуі "үй қамауында". Біреуі - ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып алынған. Ал өзіне от қойған әйел қаржы пирамидасына 20 млн теңге салғаны белгілі болды. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды.
Әйгерім АРДАҚ, НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Науқастың ауырлығын ескере отырып, ол күйік шогы, күйіктің ауданы мен жаралардың тереңдігі бар болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта әйел толыққанды медициналық көмек алып отыр және ОАРИТ медперсоналының бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр.
А. Съезбек