Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көшеден ұстап әскерге әкету қаншалықты заңды?

AstanaTV
13.04.2022ж. 20:00
3885
Көшеден ұстап әскерге әкету қаншалықты заңды?

Ұлымды көшеден ұстап алып, әскерге әкетті. Елордалық Ольга Нуртазина арнамызға осылай деп шағымданды. Айтуынша баласын түнгі 12-лер шамасында ұстап алып, әскери бөлімшеге әкеткен. Оқуын енді ғана тәмамдаған ұлын құдды бір бұзақыдай неге көшеден әкетеді деп түсінбей дал.

Ольга НУРТАЗИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Көшеде келіп бара жатқан ұлымды, бір бұзақыны ұстаған сияқты алып кете салды. Оның үстіне ешкім маған ұлымның іздеуде жүргені туралы хабар бермеген. Сосын олар базадан ұлыма смс жібергендерін көрсетті. Егер ұлым шетелде жүрсе, ол  Қазақстанның номеріне қалай жауап береді деп ойлады? Олардың алдында менің құжаттарын, телефон номерім де тұр. Неге маған хабарласпады, ескертпеді? Соны түсінбедім.


Елімізде қазір көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Шара 30-шы маусымға дейін жалғасады. Сол себепті әскери борышкерлерді анықтауға, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізуге құқылымыз дейді, - жауаптылар.

Ғани АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Көпшілік орындарда әскерге шақырушыларды анықтау, оларды әсерге шақыру пунктеріне жеткізу және қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, ел бойынша жүргізіліп отырған шара. Ел Президентінің қаңтардағы қойылған тапсырмаларына байланысты әскери қызметке жастарды тарту бойынша жұмыстар мұқият қолға алынып отыр.

Б. Сатуов