$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылықтар далада түнеп жүр

AstanaTV
13.04.2022ж. 20:00
1384
Алматылықтар далада түнеп жүр

Алматыда өрттің кесірінен үш бірдей отбасы далада қалды. Олардың айтуынша жапсарлас салынған моншадан тараған жалын баспаналарын күлге айналдырған.  Әп-сетте жиған-тергенінен айрылғандар, енді далада түнеп жүр. Абдырап қалған жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді.

Теректі ықшам ауданынындағы жер үйдің ауласында тұрған монша өртенген. Халық әлі ес диа алмай отыр.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Лезде күш алған, жалын мына көрші үйдің шатырын да ортасына түсіреді. Үш бөлмелі баспананың  қазір түгі қалмаған. Үй иелері жиhaз, киім-кешек көрпе-төсек сияқты дүиелерінен айрылғанын айтады.
 
Гүлнәз Нұрмаханова күлге айналған үйіндінің арасынан сау қалған дүниелерін іздездіріп жүр. Жалғызбасты әйел жиған қаражатына осы үйді салып алған. Бірақ қас пен көздің арасында баспанасыз қаламын деп ойламадым дейді.
 
Гүлнәз НҰРМАХАНОВА, ТЕРЕКТІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Отырып қалдым, не істерімді білмей жынды боп қалдым. Бір күнде бір сәтте. Өзіміз үйде болмадық. Мына көрші үйдің моншасынан шыққан өрт. Қазір енді ол ешқандай мойындамайды. Есігін де ашпайды. Үйі сау. Бір күнде бәрінен айрылдық.
 
Келіншек 85 жастағы қарт анасын туыстарының үйіне жіберген. Өзі ұлымен жанып кеткен үйінің алдында түнеп жүр.  
 
Далада қалғандар, жалынды уақытында ауыздықтай алмаған өрт сөндірушілерді кінәлап отыр  
 
Тұрсынкүл ҚАБАЕВА, ТЕРЕКТІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Қызым есіктің алдында талып жатыр. Жалғыз өзім елдің барлығы жұмысқа кеткен. Ана кішкентай баласы, балалар түтіннен естері ауып қалған. Пожарныйға бардым су шашшы десем кішкене демалыңыз дейді.
 
Сәния МҰРАТҚЫЗЫ, ТЕРЕКТІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол үй кінәлі өрт сол үйден шығып отыр көзімізбен көрдік. Тым құрғанда жағдайларын сұрау керек келіп, қалдарыңыз қалай, осындай осындай менен болды десе.
 
Айтуларынша моншаны аулаға салуға көршілер қарсы болған. Бірақ үй иесі құүлақ аспады дейді. Қарсылыққа қарамастан монша салған үй иесі болса өзін кінәлі деп санамайды.  
 
Ер адам сол күні монша жақпағанын әрі оттың неден тұтанғанын білмейтінін айтып ақталды. Ал өтемақы мәселесі мамандардың қорытындысынан кейін белгілі болады дейді.
 
Талғат ӘБЕУОВ, ТЕРЕКТІ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Да огонь мы увидили что оттуда пошел. А что произошло ну вот это сказать я не могу. Я как мог да, там холодильник там че то отнести принести, стиральную машину выносили.
 
Ал әкімдіктегілер панасыз қалған жұрттың жағдайын біледі. Бос пәтер іздеп жатырмыз деген мамандар кәсіпкерлерден де көмек сұрауда.   
 
Әбілахат ЖАПАҚ, АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сол маңайдың өзінен бос квартира таппай жатырмыз қазір. Қазіргі таңда демеушілермен жұмыс жасап жатырмыз. Азық-түлікпен көмек жасағанға. ЧС-тің заключениясы шықпағаннан кейін көп нәрсенің айту қиындау.

 
Әп-сәтте баспанасыз қалға, үш отбасы әзірге ашық аспан астында күнелтуден басқа амалы жоқ. Олардың үміті қайырымды жандарда ғана.    
 
Ә. Лесбек