$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда 800-ден астам саяжай өртеніп кетті

AstanaTV
13.04.2022ж. 20:00
1275
Қызылжарда 800-ден астам саяжай өртеніп кетті

Қызылжарда 800-ден астам саяжай өртеніп кетті. Қатты желдің әсерінен от айналаны шарпып барады. Бұл тұрғындарды қатты алаңдатып отыр.  
 
10 гектар аумаққа жайылған өртті  ауыздықтау үшін 70-тен астам төтенше жағдай маманы жұмылдырылған.  Жақын жерде су айдыны болмағандықтан, жағдай күрделі болып тұр дейді мамандар.  Құтқарушылар қалалық сумен қамту кәсіпорнының техникасын қолдануға мәжбүр болған. Абырой болғанда,   тұрғындар құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.  Қазір жауаптылар өрттің  шығу себебін анықтап жатыр. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша,  зардап  шеккен саяжай иелеріне өтемақы төленбейді. . Себебі, жазғы баспана жеке тұрғын үйлер ретінде тіркелмеген.

Рамиль КАМАЛОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір өрт себебінің екі нұсқасы қарастырылып отыр. Біріншісі – белгісіз адамдардың өртке жауапсыз қарауы. Сондай-ақ,  біреу қасақана өртеуі мүмкін деген де күдік бар.  Жалпы, екпінді желдің кесірінен соңғы тәулікте өрт жиілеп тұр. Тек бір күннің ішінде  130 шақырту түсті.

А. Құрманкин