Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылжарда вокзал маңайындағы теміржол өртенді

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
1040
Қызылжарда вокзал маңайындағы теміржол өртенді

Қызылжарды жайлаған өрт теміржолға да жетті. Кеше кешкісін Рабочий ауылындағы қамыс өртеніп, теміржолды шарпыды. Өрт екпінді желдің кесірінен Петропавлдың вокзалына да жақындады.  Отты сөндіру үшін төтенше жағдай қызметінің екі жедел тобы жұмылдырылды. Алайда, бұл аздық етіп, Оңтүстік Орал темір жол компаниясы өзінің суға толған цистерналарын жіберді. Екі сағатта өрт толық ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Теміржолдағы өртте  қалған жүк вагондарына да зақым келмеген.

Ернар РҮСТЕМ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қатты желдің салдарынан қамыстың өрті тез жайылды. Осыған байланысты құзырлы органдар вагондарды тез арада басқа жерге тасымалдады. Өртті сөндіру барысында біз суға толы ірі пойыз составы мен 5 автоцистернаны қолдандық. Өрт көп ұзамай сөндірілгендіктен, кеңсе мен қоймалар зақымданған жоқ. Рельстер де бүлінбеді.  Қазір теміржол штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

А. Құрманкин