Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Неге жыл сайын елдімекендерді су басады?

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
1039
Неге жыл сайын елдімекендерді су басады?

Неге жыл сайын елдімекендерді су басады? Сенатор Нариман Төреғалиев төтенше жағдайлар министрі Юрий Илинге  сұрақты төтесінен  қойды. Депутаттың айтуынша, жауапты министрлік үнемі тасқынның алдын алуға дайынбыз деп көсіледі. Бірақ, жұрт жылда қызыл судан зардап шегеді дейді.   

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Көктемгі су тасқынын өткізуге, сонымен қатар аяқ асты жаңбыр жауып, қар еріген жағдайда қауіптің алдын-алуға дайынбыз деп есеп бергенсіз. Бүгінгі баяндамаларыңызды тыңдап отырсақ, енді тез еріген қар кінәлі болып отыр. Неге жыл сайын елдімекендерді су басып отыр, егер сіздер дайын болған болсаңыздар.

Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше,  елімізде қауіпті аймақтарда мыңнан астам елдімекен бар.  Қауіп-қатердің толық алдын-алу үшін қыруар қаржы керек дейді.  Министр тасқын суға себеп болатын тағы бірнеше факторды тізбектеді.   

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

285 елдімекенге әлі де қауіп төніп тұр. Яғни, бұл үлкен қаржылық шығындарды талап ететін, әрі жоспарлы жұмыс. Сіз айтқандай, барлығына қардың да кінәсі бар. Бірақ, өкінішке қарай, бізде қыс қатты болады, одан кейін көктем бірден келеді. Мәселен тоқтаусыз жауатын жаңбыр, бірден еріген қар суы жерге сіңіп үлгермейді. Салдарынан тасқын су пайда болады. Мәселен биыл Түркістан облысында сондай жағдай болды.Оның үстіне жергілікті билік біздің ескертуімізді елемей жататын жағдайлар да жетерлік.


Б. Сатуов