Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
942
ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен ел Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген еді. Еңбек жолын 2012 жылы республикалық телеарнадан бастаған. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Руслан Желдібай - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, кейін Ұлыбританияның Уорик университетін бітірген.

А. Съезбек