$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Екінші республика: мемлекеттік модельдің жаңаруы «TALQYLAU» диалог алаңында талқыланды

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
1170
Екінші республика: мемлекеттік модельдің жаңаруы «TALQYLAU» диалог алаңында талқыланды

«Екінші республика: мемлекеттік модельдің жаңаруы». Бүгін осы тақырып «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан құрылған «TALQYLAU» диалог алаңында сөз болды. Сарапшылар оның Жаңа Қазақстаннан айырмашылығын айтып, тетіктерін талқылады.

«Жаңа Қазақстан». «Екінші Республика». Екеуінің  идеологиясы ортақ. Тек акценттерінде айырмашылық бар.  Жаңа Қазақстан қоғамдық құндылықтарды жаңартуды көздейді. Ол бір күнде, бір жылда қалыптасатын дүние емес. Ал екінші республика институциялық реформа.  Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин бұл термин мемлекеттік басқару моделінің өзгеруін бейнелейтінін, бұл билік институттары арасындағы тиімді тепе-теңдікті білдіретінін атап өтті.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Екінші Республика -институционалдық құқықтық деңгейде жүзеге асатын бастамалар. Ал Жаңа Қазақстан -бұл құндылықтар деңгейінде жүзеге асатын өзгерістер.Бұл ауқымды ұзақ мерзімді өзгеріс болуы мүмкін. Қоғам деңгейінде соған сәйкес дискуссия болуы керек. Біз қандай жаңа сапалық күйге ұмтылуымыз керек. Біздің ұлт қандай болуы керек? Біздің қоғам қандай болуы керек? Біздің азаматтар қандай құндылықтарға бағыт алу керек? Бұл өте үлкен, ұзақ мерзімді бір жағынан сарапшылар деңгейінде де мазмұнды дискуссияны талап етеді.

Биыл Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі.  Жылдың соңына дейін   20-дан астам заң қабылданбақ. Талқылауға қатысқандар бұны екінші республиканың алғы шартына балап, жақын тұрған мақсат деді.

Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің азаматтық конституциялық құқықтар қолдайтын кезге келіп тұрған нәрсе. Екіншіден аппарат эффективті жұмыс істейді. Үшіншіден, систематизациялау керек. Уақыттарын созбай, жатпай өзі тікелей база құру керек деп айтып жатыр. Өздеріңнің міндеттеріңді атқару керексіңдер. Орындай алмайсыңдар ма, кету керексіңдер деген нәрсе бүкіл процестердің бәрін тез өзгертеді.


«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов елімізде саяси жүйені трансформациялау партияны жаңғыртудан басталғанын атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Заңнаманы либерализациялауды, жаңа партияларды тіркеу ресімдерінің жеңілдетілуін ескерсек, еліміздің партиялық-саяси алаңына жаңа ұйымдардың келетінін түсіну қиын емес. Бұл жағдай – біздің партиямыз үшін өзінің ұзақ мерзімді, жауапты көшбасшылыққа және бәсекелестікке дайын екенін дәлелдеу мүмкіндігі. Осы алаңдағы кездесу «AMANAT» сындарлы диалог аясында Қазақстанды дамыту бойынша нақты идеялар мен ұсыныстар әзірленетін саяси мәдениетті арттыруға барынша ықпал ететінін көрсетеді.


Талқылауға арнайы таймер қойылған. Сондықтан басқосуға қатысқан 20-дан астам сарапшы нақты ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Әлеуметтік желі арқылы 500-ден аса сауал түсті. Бұқара үшін маңызды тақырыптарды талқылауды аманаттықтар дәстүрге айналдырды. Бұл бастаманы аймақтарда да жалғастырмақ.

Т. Алжанов