$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«AMANAT» партиясы алдағы үш жылда Қарағанды облысында 130-дан астам жобаны жүзеге асырады

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
919
«AMANAT» партиясы алдағы үш жылда Қарағанды облысында 130-дан астам жобаны жүзеге асырады

«AMANAT» партиясы алдағы үш жылда Қарағанды облысында 130 -дан астам жобаны жүзеге асырады. Олар денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік және экономикалық салаларды қамтиды. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары   партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады. Аймақта 115  жоба іске қосылған. 7 сүт фермасы ашылған. 24 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. Қарағанды қаласы мен Қарқаралы ауданында төрт жүзден астам студентке арналған жатақхана салынды. Алдағы уақытта ауылдарда су құбырларын жаңартуға, экологияны жақсартуға, химия өнеркәсібін дамытуға бағытталған   жобалар жемісін бермек.  

Азамат МҰҚАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сайлауалды бағдарлама бағыттарының бірі – азаматтардың қай жерде тұрғанына қарамастан мемлекеттік әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту. Бұл шаралардың мақсаты -халықтың әл- ауқатын, табыс деңгейін арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу.

А. Қуаш