$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Павлодарда мектептердің бірінде өрт болып, 5 балаға иіс тиді

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
741
Павлодарда мектептердің бірінде өрт болып, 5 балаға иіс тиді

Павлодарда мектепте өрт шығып, 5 бала зардап шекті. Оларға иіс тиген. Мамандардың айтуынша, өрт мектептің үшінші қабатындағы кітап сақтау қоймасында тұтанған. Ол кезде балалар өзге кабинеттерде  сабақ өтіп жатқан. 500-ге жуық адам  эвакуацияланды.  Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз.  Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Думан ҚЫДЫРМОЛЛАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«102» пультіне Майлайсары көшесі 3, мекен-жайы бойынша хабарлама келіп түсті. Хабарлама орына жедел әрекет пен 9 бірлік техника, 36 адам жеке құрамнан жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 479 адам эвакуацияланды.

Зардап шеккен 5 оқушы балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты екенін айтады. Қажетті ем-шаралар қабылдап жатыр – дейді.

Өмірзақ ҚАЙЫРГЕЛДИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалар ауруханасына жедел жәрдем газдан улану дерегі бойынша 5 оқушы қыз баланы жеткізді. Дәрігерлер оларға толық тексеру жасады. Уланудың жеңіл түрі. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Ө. Қуанар


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах