$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мал ұрлығымен ұсталғандарды құтқарамын деген полицейдің өзі жауапқа тартылды

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1307
Мал ұрлығымен ұсталғандарды құтқарамын деген полицейдің өзі жауапқа тартылды

Түркістан облысында полиция қызметкерінің өзі мал ұрлағандарды босатуға әрекет жасаған. Төлеби аудандық Полиция бөлімі бастығының бұрынғы бірінші орынбасары , қызметін асыра пайдаланғаны бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік ұйымдарда қызмет ете алмайды. Подполковник шешінен де айрылды. Төлеби аудандық сотының дерегінше, лауазымды тұлға барымташылық жасаған қос күдіктінің әрекетін  жабу үшін 3 млн теңге бопсалаған. Алайда, бөтеннің мүлкін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып иемденген полицей, ұрлық жасағандарға көмектесе алмаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сотталушының кінәлілігі жәбірленушілер мен куәлардың сот талқылауындағы айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген.


А. Төребекқызы