$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Шымкентте құжаты жоқтардың қатары азаймай тұр

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1288
Шымкентте құжаты жоқтардың қатары азаймай тұр

Шымкент тұрғындарының арасында әлі күнге төлқұжатсыз жүргендер бар. Көші-қон қызметіндегілердің дерегінше, қазіргі күні 150-ден астам адамның құжаты әзірленуде. Олардың басым бөлігі бұрынғы «қызыл паспортпен» жүрген. Сондай-ақ туған жеріне өз бетінше оралған қандастарымыз. Кәмелет жасына толғанда түрлі себеппен жеке куәлігін алып үлгермегендер де бар. Мәселесін шешкендердің қатарында қырық жыл бұрын құжатын жоғалтқандар да кездескен.

Ахат РАСУЛМЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көп жерлерге барсам маған жәрдем бермеді. Жасауға маған жәрдем бермеді. Қайда барсақ тек сұрайтыны ақша ғой,  ақшаң болса болады, болмаса жоқ. 35-40 жылдан бері документсіз жүрдім.  Мен өзім Қазақстанда туып өскен баламын. Қазір бес балам бар. Олардың да документі жоқ.

 
Лидия МУХОРТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Арнайы орталықтағылар маған құжат жасауға көмектесіп жатыр. Туу туралы куәлігімді тапты, соған өмірге қайта келгендей қуанып жүрмін. Енді зейнеткерлікке шығып, мен де ел қатарлы зейнетақы алатын болдым. Алматы өңірінде туғаныммен талайдан құжатымды қалпына келтіре алмай келген едім.  


Құжаттандыруда көмек қолын созып жүрген «Сана –сезім» орталығының мамандары былтыр 255 адамның мәселесін шешуге үлес қосыпты. Десе де, алыс жақын шетелден растауды күтетін жағдайда құжат жинау ұзаққа созылып кететін айтады. Шетелде туған 25 адамның құжатын жасауда бірқатар қиындықтар кездескен.

Самат САҒЫМБЕК, «САНА-СЕЗІМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Бізде қазіргі таңдағы қиыншылық Тәжік республикасымен. Ол жаққа бас консулына жүгініп жатырмыз, Ішкі істер министрлігіне жүгініп жатырмыз, Сыртқы істер министрлігіне жүгініп жатырмыз. брақ әліге дейін біз жауап ала алмай жатырмыз. Яғни бұл кісілер Тәжікстан елінің азаматтары ма, емес па. Өйткені ҚР заңы бойынша Қазақстанда құжаттандыру үшін бұл кісілерді бізге сөз керек, яғни бұл кісілер Тәжікстан респуликасының азаматтары емес деген сөз, ал егер ол сөз болмайтын болса біздің көші-қон қызметі құжаттандыру алмайды.


А. Төребекқызы