Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлытау облысының аумағы белгілі болды

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
2305
Ұлытау облысының аумағы белгілі болды

Ұлытау облысының шекарасы белгілі болды. Оның құрамына үш шаһар және екі аудан кіреді. Жаңа ашылып жатқан Ұлытау өңіріне: Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды. Мұндағы халық саны 230 мыңға жуықтайды. Ал Қарағанды облысында: 6 қала яғни Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қалалары, сондай- ақ 7 аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады. Бұл аумақта 1 млн 150 мың адам тұрады. Облыстық мәслихат депуттаттары жаңа өңірдің әкімшілік-аумақтық бөлінісін талқылады. Қазіргі Ұлытау ауданы облыс орталығы, яғни Қарағандыдан шамамен 700 шақырым қашықта жатыр. Осыны желеу еткен бұқара жаңашылдықты қолдап отыр.

БЛИЦТЕР:

- Шаруалармен келеді. Жұмыс бабымен келеді. Көбісі осы жаққа бір- екі күн бұрын келетін бұрын облыс орталығына соны бітіру үшін. Ендігі өз облыстарында өз уақытында бітіріп, бір жағынан адамдардың шығынына жүріп тұруына да ыңғайлы деп ойлаймын.

- Ең алдымен осы Ұлытау өңірін туристік аймақ ретінде дамыту мүмкін. Менің жеке ойым сол жағынан қаралуы мүмкін. Қазына байлықтарының қоры молайып олардың кеңінен игерілуі және елімізге пайдасын тигізуі мүмкін. Экономикалық тұрғыдан қараған кезде Жезқазған өз деңгейінен жоғары көтеріліп дамуы мүмкін.


А. Қуаш