Елордада 38 жастағы есірткі сатушы ұсталды. Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы аумағына есірткі жеткізумен және өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Дулатов көшесі бойынша күдікті құрықталды. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын «гашиш» тәркіленді. Ер адам есірткі заттарын Астана аумағында сатпақшы болған. Іс тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған азамат Нұр-сұлтан қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ә. Дүкембаева