Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Орташа жалақы 275 мың теңге ма?

Орташа жалақы 275 мың теңге ма?

Қазақстанда орташа жалақы 275 мың теңгеден асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы ақпанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 143 мың 246 теңге болды. Бұл былтырғы  көрсеткіштен 17,3%-ке жоғары. Ал нақты ақшалай кіріс  7,9%-ке артқан. Бұл ресми ақпарат қаншалықты дұрыс? Шын мәнінде, халықтың табысы осындай ма?  

БЛИЦ:

- Парламенттегілердің өздері 300-500 мың алғаннан кейін простой халық сондай алады деп ойлайды. Но ондай емес. 80 мыңнан 120 мыңға дейін. Сондай жалақы алады көп адамдар.  Мен өзім лично 90 мың аламын.

- Бүкілі олай таппайды. Орташа айлық 150-200 ғой ары кетсе.

- Жоқ, ондай жоқ зарплата. Менің ойымша, 150 максимум.

- Сол қазір по-факту 150 алып жатыр ғой.

- 275 мың деген?

- Жоқ қой ондай. Өтірік әңгіме мынау.


Ал 457 мыңнан астам  адам мүлдем жалақы алмайды, Яғни, олар-жұмыссыз.   Жұмыссыздық деңгейі елімізде 4,9 %-ке жетті. Тек наурыз айында  жұмыссыздар армиясына 175 мың адам ресми түрде қосылған. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша,  статистер орташа жалақыны есептеудің ескі әдісіне жүгінеді. Айлығы шайлығына жетпейтін халықтың 70 процентін  мұндай ақпарат ашындырады дейді. Сондықтан оны жариялаудың қажеті жоқ деп санайды.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қай өңірде орташа жалақы төмен демек, сол өңірде жалақы жалпы төмен деген сөз. Сол өңірмен жұмыс жасалынуы керек. Осы шешімді шығару үшін ғана бұл керек статистика.  Ал халықтың алдына шығып алып, әкімдеріміз отчет берген кезде осы статистиканы айтатын статистика емес бұл ешқандай.  

А. Съезбек