Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда ұлт жанашырларына ерекше құрмет көрсетілді

AstanaTV
18.04.2022ж. 20:00
3093
Алматыда ұлт жанашырларына ерекше құрмет көрсетілді

Алматыда бар өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар қауымына ерекше құрмет көрсетілді.  Ұлағатты жандар Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгімен марапатталды. Салтанатты шараны «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кәусар» балалар орталығы ұйымдастырған.

Хан да, қара да бас иетін ұстаздар қауымына қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.  «Кәусар» балалар орталығының директоры  сондықтан мұғалімдерге арнап кітап жаздым дейді.  «100 ұлт жанашырлары» деп аталатын жинақта бүгінгі күннің батырлары туралы жинақталған, сондай-ақ, ұстаздар бар.

Динара БЕРДІМҰРАТ, «КӘУСАР» БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл ұлт жанашырында нағыз ұлтқа жанашыр азаматтар шықты. Олардың еңбектерін бағалап, құрметтеп, Іріктеп бір кітапқа шығардым. Ол кісілердің жұмыстарын бағалап, біз оларды көтеруіміз керек деген ниетпен іс шараға атсалысып жатырмын.
 
Ұлт жанашырлары ешқашан ұмытылмай, керісінше үнемі ұлықталсын дейді шараға жиналғандар.   Үш балабақша мен екі мектеп ашқан Ләззат Чайғараеваға төсбелгі тағылды.

Ләззат ЧАЙҒАРАЕВА, КӘСІПКЕР:

Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Мұндай мадақтауға ие боламын деп ойламаппын. Менің орталықтарым әрине тегін. Көбісінің сұрауымен ресми түрде ашқан болатынбыз.

Бала тәрбиесіне 25 жылын арнаған Раушан Мәуленова үшін де бұл күтпеген жаңалық. 10 мыңнан астам шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, білікті басшы ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Раушан МӘУЛЕНОВА, КЕМЕРТОҒАН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біраз шәкірттерім қазір шетелдерде оқып білім алып жатыр. Ол шәкірттерімнің барлығы осы біздің сүйікті отанымызға адал қызмет жасайтынына мен кәміл сенемін. Марапатты беріп отырған біздің ұлт жанашырларымызға үлкен алғысым шексіз. Өте қуаныштымын.

 
Ұлт жанашырларын ұлықтауға «AMANAT» партиясы қолдау көрсетті.   
 
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін 40 тан астам адам Республика бойынша марапатталып отыр. Аманат партиясымен бірге Қазақстан ардагерлер қауымдастығы Қазақстан халық ассамблеясы Кәусар балалар орталығымен бірге ұлт тағдыры сынға түскен кезде көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастайды. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сеніммен қараймын.

 
Мұндай құрмет-қошемет адамға үлкен  жауапкершілік жүктейді, зор сенім  міндеттейді. Бауыржан Момышұлының төсбелгісіне  ие болған  ұстаздар елдің игілігі үшін аянбай еңбек етуге әрдайым дайынбыз дейді.

 Ә. Лесбек