Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елордада «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күніне орай концерт өтті

AstanaTV
18.04.2022ж. 20:00
865
Елордада «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күніне орай концерт өтті

Елордада «AMANAT» партиясы жастар қанатының ұйымдастыруымен  «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»  күні аясында Open Air форматында мерекелік концерт өтті. Шарада отандық эстрада жұлдыздары мен талантты жастар өнер көрсетіп,  арнайы ұтыс ойындары ұйымдастырылды.  "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күні-ұлттық ғашықтар  күні қазақ эпосының кейіпкерлерінің ұлы махаббатына арналған. Бұл   елімізде  он жылдан астам уақыттан бері аталып өтіліп келеді.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылдарда, қалаларда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне арналған жаңа форматта, жаңа жастардың жобасы аясында "Amanat" партиясының жастар қанатынан жаңаша серпіліс ретінде өткізіліп жатқан шаралардың легінің аяқталуы.Мынау елордамызда- Астана қаласында бүгін осындай тамаша ашық аспан астында, пандемиядан кейінгі  ең бір сондай алғашқылардың бірі болып, оффлайн түрде өткізіп жатырмыз.


Б. Сатуов