Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылықпен айналысып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олар мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария еткен болуы мүмкін. Оның ішінде шетел азаматы да бар. Тергеу соты аталған адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің құпия болуына байланысты тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
Б. Сатуов